Бейжіңде 10 млн адамға коронавирус вакцинасы салынды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде 10 миллионнан астам тұрғын коронавиурс вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бұл жайында денсаулық сақтау жөніндегі муниципалдық комитет мәлімет таратты.

2 сәуірдегі мәлімет бойынша, жалпы 16,05 млн доза вакцина қолданылған. Қаланың 10 млн астам тұрғынына екпе жасалды.

Оның ішінде 6,04 миллионы - вакцинаның екі компонентін де алып үлгерсе, қалған 3,96 млн адам - бірінші дозаны салдырған.

Екпе алғандардың 9,33 миллионы - 18 бен 59 жас аралығындағы адамдар.

Бейжіңде жасы 60-тан асқан 670 мыңнан астам тұрғын вакцина жасатқан, оның ішінде жасы 90-нан асқан 551 адам бар.

Бүгінде Бейжің халқының саны 21 миллионнан асады.


Соңғы жаңалықтар