Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырды - Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бейсен Құранбектің отбасына, жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізге белгілі журналист, халқымыздың аяулы ұлы Бейсен Құранбектің қазасы баршамызға ауыр тиді.

«Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тележүргізуші, елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқор болған жомарт жүректі азамат бақиға аттанды.
Марқұмның отбасына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», деп жазды Аида Балаева Facebook -тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өткені хабарланған еді.



Соңғы жаңалықтар