Бейбіт жиналыстарға қатысушылар бірегей мүмкіндік алады - Марат Қоғамов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасымен жұмыс айтарлықтай ұзақ уақыт жүргізіліп, оның көптеген ережесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмыс тобында нақтыланды. Егер заң жобасын 1995 жылы қабылданған қолданыстағы заңмен салыстырар болсақ, айырмашылық бірден байқалады. Жоба бейбіт жиналыстарға қатысушылардың барлығының құқықтық субъектілігін жан-жақты сипаттайды», - деді ол.

Заңгердің атап өтуінше, бейбіт жиналысқа қатысушылардың отандастарының алдында белгілі бір деңгейде жауапкершілігі болуы тиіс.

«Бейбіт жиналыстарға барлығы бірдей бара бермейді. Сондықтан бейбіт жиналыстарды ұйымдастыршылар және қатысушылар өз ойларын айтуға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысты нақты мәселелер бойынша шағымдарын білдіруге бірегей мүмкіндік алады. Дегенмен, мұның барлығы да билік пен полиция органдарымен ынтымақтаса отырып, барынша өркениетті жолмен жүруі тиіс», - деді Марат Қоғамов.


Фото: static.yk-news.kz


Соңғы жаңалықтар