Бейбіт Атамқұлов металлург әріптестерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Металлург күніне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство таратқан мәліметке сенсек, бейресми форматта ұйымдастырылған кездесуде металлургтерді толғандырып жүрген саладағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланған.

Атап айтқанда, мамандар даярлау, жалақы, еңбек жағдайларын жақсарту сияқты тақырыптар қозғалды.

Бейбіт Атамқұлов 35 жыл бұрын өзінің еңбек жолын балқыту пешінен бастаған.

Ғұмырының біраз жылын металлургияға арнаған министр табандылық пен төзімділікті талап ететін бұл мамандықтың қыр-сырын, қиындықтарын жақсы біледі.

Кездесу соңында ҚР ИИДМ басшысы кездесуге қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ конверторы-болат балқытушысы Василий Пастухқа, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ электродтар өндіру цехының анод-монтаждау учаскесінің 6-разрядты анод құюшысы Нұролла Матаевқа, «Қазхром «ТҰК« АҚ ферроқорытпаларын балқытушысы Бейсембай Күлшәріповке, «Қазмырыш« ЖШС инженер-металлургы Жамбыл Естаевқа және «Феррум« ЖШС металлургі Әбдірашит Омаровқа саланың дамуына қосқан үлесі мен ерен еңбегі үшін алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, металлургия өнеркәсібіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің жартысы тиесілі.

Соңғы 10 жылда өндіріс көлемі 3,5 есе өсті (2010 жылы - 1,6 трлн теңге, 2020 жылы - 5,6 трлн).

Еңбек өнімділігі 3 есе артты (2010-жылы 10,4 млн теңге/адам, 2020 жылы 31,8 млн теңге/адам ).

Өндірістік кәсіпорындарда 83 мыңнан астам адам еңбек етеді.


Соңғы жаңалықтар