Бетпақдалада 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бетпақдаланың Түркістан облысы Созақ ауданындағы бөлігінде 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір өңірдің құтқарушылары жоғалған тұрғындарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД хабарлауынша, 24 қаңтарда 1968, 1974 және 1977 жылы туған 3 ер адам туыстарына Қарағанды облысы Қаражал кентінде екендігін айтқан. Олар Бетпақдалаға «Шансиман», «Камаз» және «Ман» автокөлігімен шығатындығын хабарлаған. Бірақ содан кейін ешбір хабар болмаған. Екі тәуліктен кейін туыстары ТЖД-ға хабарласып, іздестіру шараларын жүргізуін өтінген.

«Құтқарушылар 27 қаңтарда сағат 07.00-ден бастап іздестіру жұмыстарына кірісті. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 1 қызметкері және 1 жергілікті аңшы жұмылдырылды. Сағат 11.20-дағы жағдай бойынша іздестіру нәтиже берген жоқ» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар