Бес жылда Қазақстанның Кеден одағы елдерімен тауарайналымы 18%-ға өсті

None
None
АСТАНА. ҚақАқпарат - 2010 жылдан бері Қазақстанның Кеден одағы елдерімен тауарайналымы 18%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР ҰЭМ Халықаралық экономикалық ықпалдастық департаментінің директоры Ернар Бәкенов мәлім етті.

"2010 жылдан бері Қазақстанның Кедендік одақ елдерімен тауарайналымы 18%-ға өсті. Егер алғашқы екі жылды алатын болсақ, 2010 және 2011 жылдары тауарайналымның көлемі қарқынды болды. Кедендік шекаралардың ашылуы қатты әсер етсе керек, жылына 35-40% өсім көрсетіп отырды", - деп атап өтті ол Астанада тілшілерге берген сұxбатында.

Департамент басшысының айтуынша, 2012-2013 жылдары оның қарқыны сәл бәсеңдеп, жылына 18-20% деңгейінде тіркелді.

"Кейін ол тұрақтанды. Ықпалдастықтың алғашқы әсерлері аяқталғандығын ескеретін болсақ, тауарайналым едәуір өскен және белгілі бір деңгейге көтерілді. Дегенмен жылына 2-3%-ға өсіп келеді", - дейді ол.

Алайда, Е. Бәкеновтің сөзі бойынша, соңғы бір жарым жылда Қазақстанның тауарайналымы төмендей бастаған.

"Бұның басты себебі - Қазақстанның басты экспорттық тауарларының бағалары құлдырауынан болып отыр. Егер Қазақстанның үшінші мемлекеттермен тауарайналымы 37%-ға төмендесе, ЕАЭО елдері арасындағы тауарайналым 29%-ға құлдырап кетті", - деп түйді сөзін Е. Бәкенов.

Соңғы жаңалықтар