Бес жылда 3 мың шақырымнан асатын топтық су құбыры салынады - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 жылдың ішінде 3 мың шақырымнан астам топтық су құбырлары салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 11 топтық су құбыры қайта жаңартылып, жөнделеді. Оның ішінде бірқатар су құбырлары ұзартылады. Соның арқасында 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бұл 104 мыңға жуық адамды қамтиды», - деді ол Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Сонымен қатар, министр 321 ауылдың ауыз су беру жүйесі жаңартылатынын айтады.

«Бұл өз кезегінде 525 мың адамды қамтиды. 5 жылдың ішінде 3 мың шақырымнан астам топтық су құбыры салынады. Ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін 100 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар