Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бес облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

1-2 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

1-2 қазанда түнде және таңертең Петропавл қаласында тұман түседі.

1 қазанда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай қаласында ертең түнде және таңертең тұман түседі.

1 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

1 қазанда күнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар