Берлинде атыс болды

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Берлин қаласында дүйсенбіге қараған түні болған атыс салдарынан кем дегенде үш адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы ҚаазАқпарат Bild газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, оқиға Веддинг ауданындағы бардың жанында орын алған. Атыс салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Қаскүнемнің әлі табылмағаны хабарланып отыр. Аумақты полицейлер қоршап алған, оқиғаны тергеу амалдары басталып кетті.


Соңғы жаңалықтар