Берік Шолпанқұлов Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың рсеми сайты.

Берік Шолпанқұлов 1976 жылы Алматы облысында туған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық Мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасының қазынашысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР ҚМ жанындағы қазынашылық жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды. 2008 жылдан 2014 жыл аралығында ҚР қаржы вице-министрі болды. 2014–2016 жылдары — ҚР қорғаныс министрінің орынбасары. 2016 жылдан бастап ҚР қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Соңғы жаңалықтар