Берік Имашев үй карантинінде жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев үй карантинінде жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі отырысқа Орталық сайлау комисиясының 6 мүшесі қатысып отыр. ОСК төрағасы Берік Имашев коронавируспен ауырған адаммен байланыста болуына орай қатыспайды», - деді Константин Петров.

Оның атап өтуінше, ОСК төрағасы вакцинаның 2 компонентін де алған. ПТР тест те коронавирус жұқтырып алмағандығын көрсетіп отыр.

«Өзін жақсы сезінеді. Коронавирус инфекциясының белгілері жоқ. Ол қашықтан жұмыс істеп жатыр. Бірақ, бүгінгі отырыстың бұқаралық сипатына және отырысқа қойылатын шектеулерге байланысты қатыса алмады», - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының отырысында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар