Бердібек Сапарбаев: Біз азаматтық қоғам тұжырымдамасын әзірлеудеміз

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматы жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев, қоғамның саяси өмірін модернизациялау және жетілдіру барысы туралы айтты.

«Біз 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғам тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Онда Қазақстанның саяси жүйесіне қатысты барлық мәселелер қамтылған. Бәрі ашық, шынайы болуы керек.Сондай-ақ, қазір көппартиялық жүйеге және сайлауға қатысты сұрақтар бар. Мұның барлығын ескереміз. Біз екінші тұжырымдаманы жасаған кезде арнайы жұмыс тобын құрамыз. Жұмыс топтарында қоғам өкілдері, тың идеялары бар мамандар, сарапшылар, ғалымдар болуы керек. Бізге саяси жүйені модернизациялау туралы көптеген хаттар келіп түсуде. Жаңа тұжырымдама жасағанда біз мұның барлығын ескереміз », - деді ол.



Естеріңізге салайық, Алматыға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен келді.



Соңғы жаңалықтар