+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желіде аккаунт ашты

2020 жылғы 18 ақпан 19:18
Бөлісіңіз:
Бердібек Сапарбаев әлеуметтік желіде аккаунт ашты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда санитарлық-эпидемиялық іс-шаралардың орындалуын 18 мобильдік топ бақылайды Бердібек Сапарбаев: Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алуы тиіс Бердібек Сапарбаев Олимпиада ойындарының жүлдегері  Елдос Сметовпен кездесті

Facebook, Instagram әлеуметтік желіcінде парақшасын ашқан Б.Сапарбаев халықпен еркін диалог құруға дайын екендігін жеткізді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Халықпен тиімді байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашқанды жөн көрдім.

Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін», - деп жазды әкім алғашқы жазбасында.

Әкімнің айтуынша, ортақ мақсат – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Интернет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT