+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Бензинге төмен бағаны ұстау үшін ішкі жанар-жағармай нарығы субсидияланады

2021 жылғы 14 сәуір 20:24
Бөлісіңіз:
Бензинге төмен бағаны ұстау үшін  ішкі жанар-жағармай нарығы субсидияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мұнай өнімдерінің ішкі нарығында АЖҚС-та бензиндердің бөлшек сауда бағасының өсуі байқалады. Бұл ретте мұнай өнімдеріне бағаны мемлекет емес (бензинге 2015 жылдан бастап, дизельге 2016 жылдан бастап) нарық реттейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энегетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алакөл жағалауындағы интернет жұмысын жақсарту қажет – сенатор Сенатта Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы хаттама ратификацияланды Сенат Расул Рахимовті Есеп комитетінің мүшелігіне тағайындады

Айта кетсек , бұдан бұрын Парламент Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста ҚР Премьер-Министрінің Альберт Раудан бензиннің қымбаттауына қатысты тексеру жүргізуді сұраған еді.

Энергетик министрлігінің депутаттық сауалға берген жауабында мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы болып табылады, Қазақстанның ішкі нарығында да, көршілес елдерде де салық салу, баға белгілеу жүйесі және ЖЖМ-мен қамтамасыз етілуі (бақыланбайтын ағын), сұраныстың маусымдылығы, МӨЗ-дегі технологиялық іркілістер немесе күрделі жөндеулер туралы ақпарат сияқты көптеген факторлардың әсеріне байланысты екендігін мәлім етті.

«Жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдеріне баға «тепе-теңдігін» үнемі іздеуді талап етеді.

Ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда отандық өнімнің көрші нарықтарға ауысуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал жоғары бағалар болған жағдайда импорттық бензиннің профициті және соның салдарынан ҚР МӨЗ-де қайта өңдеу көлемінің кейіннен төмендеуімен қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі мүмкін.

Атап айтқанда, соңғы апталарда шекаралас аймақтарда бензинді бөлшек саудада сатудың айтарлықтай өсуі байқалады.

ЖЖМ-ға төмен баға дәлізін жер қойнауын пайдаланушылар өңделетін шикізатқа неғұрлым төмен баға беру арқылы әрдайым субсидиялаған. Мұнайдың экспорттық бағасының айырмашылығы 1 тонна үшін 50$ шамасында болды, қазір ол мұнай жеткізу бағытына байланысты 1 тонна мұнай үшін 80-130$ дейін өсті. Бүгінгі күні АМӨЗ-ге өңдеуге жеткізілетін мұнай бағасы тоннасына 20-45 мың теңге деңгейінде ауытқиды, бұл қайта есептегенде барреліне 6,5-15,2$ құрайды. Бұл ретте мұнайдың нарықтық бағалары бүгінде барреліне 60$ асты.

Қазіргі уақытта жекелеген өңірлер бойынша жер қойнауын пайдаланушылар өндірілетін шикізаттың шамамен 75-80% - ын ішкі нарыққа жеткізеді, бұл ретте келісімшарттық міндеттемелер айтарлықтай аз.

Тәжірибе көрсеткендей, бағаларды мемлекеттік реттеу сыртқы факторларға жедел ден қоюға мүмкіндік бермейді – мемлекеттік органдар объективті жағдайларға қарамастан бағаларды қайта қарауға құлықсыз. Сонымен қатар, әр нақты жанармай бекеттерінің барлық нақты жағдайларын ескеру мүмкін емес, олардың арасындағы дұрыс бәсекелестік үшін жағдайлар жоғалады.

Тиісінше, мемлекеттік реттеуді енгізу кезінде объективті жағдайдан алшақ болуы мүмкін төмен бағаларды белгілеуді күту керек. Қысқа мерзімді перспективада бұл жеткізу тізбегіндегі жергілікті де, ауқымды да іркілістерге, мұнай өнімдерін жеткізудегі іркілістерге әкелуі мүмкін.

Ұзақ мерзімді осындай жағдай ішкі нарыққа мұнайды жеткізу көлемінің ілеспе ұлғаюы кезінде мұнай өткізуден түсетін табыстан айырылудың теріс салдары болуы мүмкін – саланың инвестициялық тартымдылығының төмендеуі және жұмыс істеп тұрған кен орындарының сарқылуына қарай тиісінше мұнай өндіру, мұнай экспорты мен мұнай сервистік жұмыстар көлемінің төмендеуі.

Егер динамикада қарайтын болсақ, бағаның ұқсас деңгейі Қазақстанда үш жыл бұрын 2018 жылғы наурызда қалыптасты. Ол кезде ол литріне 155-тен 172 теңгеге дейінгі баға диапазонында орта есеппен литріне 162,6 теңгені құрады.

Бағаларды реттеу және «арзандатылған» мұнай өнімдерін тарату бойынша жүйені құру тиімсіз және шығыны көп шара деп санаймыз:

1) төмен бағаның пайдасын мұқтаж азаматтар ғана емес, шекаралас жатқан көрші елдердің тұрғындары да пайдалануы мүмкін;

2) әр түрлі әдістерді қолдану арқылы мұнай өнімдерін экспортқа «көлеңкелі» түрмен шығаруға жол беріледі;

3) мұнай-газ өндіру саласын тұрақты дамытуға кедергі болатын тәуекелдер туындайды.

Қолданыстағы мемлекеттің табыс алу және халықтың әлеуметтік-осал топтарын қорғау жүйелерін есепке алғанда, нарықтық қарым-қатынасты құруда басқа балама түрі жоқ деп пайымдаймыз, оның ішінде ЖЖМ сату секторында. Яғни, салаға нарықтық механизмдер арқылы инвестиция тартуды, мұнай өндірушілердің табысын арттыру, халықты жұмыспен қамту, қорыта келгенде бюджетке салықтық түсімді қамтамасыз ету. Салықтық түсімдер арқасында адрестік әлеуметтік көмек бойынша шығындарды өсіру.

Әрине, нарықтағы бағаны қалыптастыруда транспарентті жағдайды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Отын нарығының жоғары құбылмалылығы, оның сезімталдығы туралы мәселеге қайта орала отырып, Атырау МӨЗ-інде ағымдағы жөндеу жұмыстары және Шымкент МӨЗ-ін жөндеуге күтілетін жоспарлы тоқтау туралы ақпарат мұнай өнімдерінің құнына әсер етуі мүмкін.

Мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандырудың құралы ретінде Энергетика министрлігінің құзыреті заң аясында мұнай өнімдерінің ресми экспортқа шығатын көлемін реттеу қарастырылған. Осы механизм шеңберінде 2021 жылдан бастап Министрлікпен экспортқа жөнелту алынып тасталды.

Жалпы елдегі АИ-92 бензинінің ағымдағы қоры жайлы деңгейде – қабылданған шаралар арқасында жылдың басымен салыстырғанда қор іс жүзінде 60 мың тоннаға өсті, яғни 270 мың тоннаға жетті.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, нарықтағы бағаның тұрақтануы күтілуде»,- деп түйіндейді Энергетика министрлігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT