Белгісіз біреу Норвегиядағы Кунсберг қаласында бірнеше адамды өлтірді

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Норвегияның Кунгсберг қаласында белгісіз қылмыскердің шабуылы салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Норвегияның телеграф бюросына (НТБ) сілтеме жасап хабарлайды.

«Өкінішке орай, біз оқиға салдарынан бірнеше адамның жараланғанын және өлгендердің бар екенін растайм аламыз», - деп мәлім етті полиция өкілі Эйвинд Ос.

Шабуыл жасаған адам ұсталды. Остың айтуынша, құқық қорғау органдары қылмыскер жалғыз әрекет еткен деп есептейді және қазіргі уақытта ықтимал сыбайластарын белсенді түрде іздестіру жүріп жатқан жоқ.

НТБ атап өткендей, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл жағдайда теракт туралы сөз болуы мүмкін бе деген сұраққа әзірге жауап бермей отыр.


Соңғы жаңалықтар