Белгілі америкалық режиссер Оливер Стоун Елбасы туралы фильм түсіруге атсалысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Атын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде фильмнің режисері, украниналық маман Игорь Лопатенок мәлім етті.

Таныстырылым барысында Оливер Стоун мырза бұл фильмнің продюсері екенін, ал режиссері – украиналық маман Игорь Лопатенок екенін түсіндірді.

«Мен Президентпен сұхбат жүргіздім және фильмге продюсер ретінде атсалыстым»- деді америкалық режисер.


Укариналық режисердің айтуынша, фильмді түсіруге 19 ай кеткен.

«Фильм жұмыстары 19 айға созылды, біз бірнеше сұхбат сессияларын өткіздік. Осыдан кейін бүкіл ел көлемінде экспедиция жасауды жоспарладық. Өкінішке қарай, экспедиция пандемияға байланысты үзіліп қалды. Бірақ бұл жайт бізді тоқтата алмады. Инфекциялардан қорқу керек, бірақ сіз өз ісімізді де жасауымыз керек. Менің ойымша, біз бұл фильмді мүмкіндігімізден тыс жасадық. Мен өз өмірімдегі ең жақсы жұмыстардың бірін істедім деп санаймын», - деді фильм режисері.

Игорь Лопатенок Оливер Стоунды өзінің ұстазы деп есептейтінін айтты.

«Мен Оливерді ұстазым деп атаймын, бірақ ол бұдан бас тартып жүр. Ол осы фильмнің премьерасын өткізу үшін көп жұмыс істеді. Қажет кезінде дұрыс сұрақ қоя білу керек еді» - деп түйіндеді Игорь Лопатенок.



Соңғы жаңалықтар