Белгілі америкалық фотограф Шымкенттің көрікті жерлерін түсірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік фотограф шаһардың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, Тәуелсіздік саябағы, Қошқар ата өзені, Бәйдібек би ескерткіші мен этноауыл, Арбат пен Абай саябағы секілді көрікті орындардың фототүсірілімін жүргізді.

Енді мегаполис тұрғындары танымал кәсіпқойдың объективі арқылы шаһардың сұлулығын құс ұшатын биіктен түсірілген суреттері арқылы тамашалай алады.



Фотосуретші Қазақстанның оңтүстігі туралы шығармаларын миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында және жеке веб-сайтында жариялауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар суреттер National Geographic және The New Yorker сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарында шығады деп күтілуде.


Алдағы уақытта, пандемиядан кейінгі кезеңде Штейнмецтің Шымкентте түсірген суреттерінен Қазақстанның өзге өңірлерінде фотокөрме өткізуге болады.




Соңғы жаңалықтар