Беларусь үкіметі отставкаға кетті

None
None
МИНСК. БЕЛТА- ҚазАқпарат – Беларусь үкіметі жаңадан сайланған Президент алдында отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін Ұлттық құқықтық интернет порталда ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта агенттігіне сітеме жасап.

«Құжатқа сәйкес, ел Конституциясының 106-бабы, «Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі туралы» 2008 жылғы 23 шілдедегі № 424-З заңының 9-бабы бойынша Беларусь үкіметі президент жаңадан сайланған соң өз өкілеттігін тоқтатты», - делінген ресми құжатта.

Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшысы Александр Лукашенко үкіметтің одан әрі қарай жұмыс істеуі үшін құжаттарды дереу дайындауды тапсырған болатын. Сол кезде президент негізінен үкімет қайта жасақталғанын атап өтті. Сондай-ақ қандай да бір күтпеген жағдайдың болуы мүмкін екенін де мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар