Беларусьтің жаңартылған Парламенті алғашқы сессияны 6 желтоқсанда өткізеді

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь Парламентінің жаңартылған қос палатасы алғашқы сессияларын 6 желтоқсан күні өткізеді. Бұл туралы тілшілерге елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Жетінші шақырылымның Өкілдер палатасы бірінші отырыстарына 6 желтоқсан күні сағат 10.00-де, ал Республика Кеңесі 14.00-де жиналады. Республика Кеңесі үшін бұл – соңғы дата. Себебі оған сайлау 7 қарашада өтті. 7 желтоқсанға дейін алғашқы сессияны ашуымыз тиіс», - деді Л.Ермошина.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын 22 қарашада шығаратын болады.

Айта кетейік, Беларусьтың Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының жетінші шақырылымына депуттарды сайлауға электораттың 77,22% келді. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, Брест облысында сайлауға тізімге енгізілген тұрғындардың 79,34% келді, Витебск облысында - 82,09%, Гомельск облысында - 81,38%, Гродненск облысында - 78,69%, Минск облысында - 78,95%, Могилевск облысында - 82,3% және Минск қаласында - 63,26% болды.

Сайлау Беларусь аумағында ашылған барлық 110 округте өтті. Дауыс беру учаскелері 17 қараша күні сағат 08.00-де ашылып, 20.00-де жабылды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауда жеңіске жеткен кандидаттардың алдына ала тізімін жариялады.

Соңғы жаңалықтар