Беларусьте парламент сайлауы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте Ұлттық жиналыс өкілдері палатасының (төменгі палата) депутаттарын сайлау үшін алты мыңнан астам учаске ашылды. Оның 47-сі республикадан тыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«7 миллион белорустік дауыс берушілер 6 018 сайлау учаскесінде депутаттық сайлауда дауыс бере алады», - деп мәлімдеді республикалық Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау учаскелерінде ұлттық және халықаралық бақылаушылар бар. Дәстүр бойынша, дауыс беру өтетін ғимараттар маңынан сауда нүктелері ашылды, онда сайлаушылар дауыс беруден кейін сауда жасай алады. Жергілікті билік көркем өнерпаз ұжымдарын шақырып, сайлау кезінде мереке ұйымдастыруға уәде берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Палатадағы 110 орынға 484 кандидат таласқа түсіп отыр. Жеке сайлау округтерінде, әсіресе Минскіде бір орынға алты-жеті адам таласуда. Егер бір мандатты округ сайлаушыларының жартысынан астамы дауыс берсе, сайлау өтті деп саналады. Ең көп дауыс жинаған кандидат жеңімпаз атанады.

Парламент сайлауларындағы сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылады. Дауыс берудің бастапқы нәтижесін Орталық сайлау комиссиясынің төрайымы Лидия Ермошина түнде жариялауы мүмкін.

Ұлттық жиналыс өкілдері Палатасы мүшелерінің өкілеттілігі төрт жылды құрайды. 

Соңғы жаңалықтар