Беларусьте 9 тамызда президент сайлауы өтеді

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Бүгін Өкілдер палатасы президент сайлауын 9 тамызға белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Белта агенттігіне сілтеме жасап.

Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко президент сайлауының ел үшін маңыздылығын ескере отырып, депутаттарды салмақты, жауапты ұйымдастырушылық, саяси жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.

Владимир Андрейченконың айтуынша, бұл жұмыс тікелей парламентте де, сайлау округтерінде де «елдегі президент сайлауы ашық, демократиялық және Конституцияға сәйкес болуы үшін» жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар