Беларусь Президенті Қазақстан мұнайы бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел Үкіметіне Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берді. Бұл туралы БЕЛТА-ға ел көшбасшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Агенттіктің жазуынша, Мемлекет басшысы Александр Лукашенко №27 жарлығымен Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде, сондай-ақ келісім жобасы және мақұлданған жоба шеңберінде уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда оған ол қою бойынша Беларусь Үкіметіне келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берді.

«Бұған дейін А.Лукашенко Беларуське мұнай тасымалын ұйымдастыру үшін әлеуетті мүмкіндігі бар мемлекеттер арасында Қазақстанды бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл мәселе сондай-ақ өткен жылдың қазан айында Беларусь мемлекеті басшысының Қазақстанға ресми сапары барысында талқыланған болатын», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар