+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Беларусь премьері азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға көмектескені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

2020 жылғы 20 ақпан 14:07
Бөлісіңіз:
Беларусь премьері азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға көмектескені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

МИНСК. ҚазАқпарат – Беларусь мемлекетінің премьер-министрі Сергей Румас Беларусь азаматтарын Қытайдан эвакуциялауға көмектескені үшін қазақстандық әріптесіне алғыс хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БР Үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі жұмыссыз режімнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салды Алматыда 36 коронавирус ошағы тіркелді Ақтөбе қаласында 6 сәуірде карантин енгізіледі

«Сергей Румас Беларусь Республикасы Үкіметінің атынан 2020 жылдың 2 ақпанында коронавирус ошағы ҚХР Хубэй провинциясынан шығу туралы шешім қабылдаған 5 беларусь азаматын арнайы рейспен эвакуациялауға жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді», - делінген хабарламада.

Беларусь Үкіметінің басшысы азаматтарын Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемеге орналастырып, 2 апта ішінде қажетті жағдай жасағаны үшін Асқар Маминге ризашылығын білдірді.

Премьер-министр алдағы уақытта да Беларусь мемлекеті мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, достық пен түсіністікте болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Сергей Румас әріптесіне зор денсаулық, жақсылық пен амандық тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT