Беларусь пен Қазақстан: Ынтымақтастық пен сауда

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі өзінің интернет-ресурсында Қазақстан сияқты тәуелсіздігін 1991 жылы алған елдердің әріптес ақпарат агенттіктері дайындаған материалдарды жариялайды. Бүгін, 3 шілде Беларусь Республикасының Тәуелсіздігі күні назарларыңызға арнайы «ҚазАқпарат» ХАА үшін БелТА ақпарат агенттігі дайындаған БР мен ҚР арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдық тарихы туралы материалды ұсынамыз.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 16 қыркүйегінде орнатылды. 1997 жылы Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігі ашылды. Ал Қазақстанның Елшілігі Беларусьте 1995 жылы ашылды.

Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында белсенді диалог жүріп жатыр. Екі ел арасында соның ішінде ТМД, ҰҚШҰ, Еуразиялық интеграция аясында ең жоғары және жоғары деңгейдегі іссапарлар, Беларусь және Қазақстан президенттері мен премьер-министрлерінің арасында кездесулер тұрақты түрде іске асырылып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың қараша айында Минск қаласына жасаған сапары мен Беларусь Республикасы Президентінің 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласына жасаған ресми сапары екі ел арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын растады. 2017 жылы Беларусь елі Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты.

Бүгінде екіжақты ынтымақтастықтың келісім-құқықтық негізінде 80-нен астам халықаралық келісім мен құжат бар. Қазақстан Беларусь Республикасының ТМД елдерімен сыртқы сауда көлемі жағынан көршілес және басты сауда серіктестері Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр.

2020 жылы Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасымен сыртқы сауда тауарларының көлемі 847 млн АҚШ долларына жетті. Бұл ретте Беларусьтің Қазақстанға экспорты 747,1 млн доллар болды. 2020 жылы Беларусьтің Қазақстан еліне экспортының негізгі позициялары: трактор, сиырдың жас еті мен салқындатылған еті, сүт, қойытылған және құрғақ кілегей, қант, комбайндар, ірімшік, жиһаз, дәрі-дәрмектер.

Қазақстан аумағында Беларусь техникасы мен жабдықтарын бірлесіп құрастыратын 7 ірі өндірісі («МТЗ» ААҚ, «Гомсельмаш» ААҚ, «МАЗ» ААҚ, «Бобруйскагромаш» ХБК» ААҚ және т.б) жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан нарығында Беларусьтің танымал тауар маркалары: «Конте», «Марко», «Милавица», «Марк Формель», «Пинскдрев», «Гомельдрев», «Керамин», «Беллесизделие», «Алютех», «Коммунарка», «Санта-Бремор» тауарлары, сондай-ақ жетекші отандық өндірушілердің ет-сүт өнімдері кеңінен ұсынылған.

Жалпы алғанда, Беларусь кәсіпорындарының Қазақстандағы тауар өткізу желісі Беларусь капиталының қатысуымен құрылған 40-қа жуық субъекті, сондай-ақ 170-тен астам дилерлік ұйымнан тұрады.


Соңғы жаңалықтар