Беларусь парламенттік сайлауға халықаралық байқаушыларды шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Беларусь Республикасы СІМ қараша айында өтетін парламенттік сайлауға мониторинг жүргізу үшін халықаралық байқаушыларға шақыру жіберді. Бұл жөнінде сейсенбіде журналистерге Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін мен Сыртқы істер министрлігінен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына, ТМД Атқару комитетіне және ШЫҰ-ға хаттар жіберілгені туралы ақпарат алдым. Яғни халықаралық ұйымдардың бақылаушылары шақырылып қойған», - деді Ермошина.

ОСК аздаған уақыттан кейін Орталық комиссия өкілдері мен Корей Республикасының Дүниежүзілік ұйымдастырушылар қауымдастығына шақыру жіберетін болады.

Лидия Ермошинаның айтуынша, шақыру хаттарын Белорусь Орталық комиссиясының өкілдері сайлау барысын байқауға барған елдердің Орталық сайлау комиссияларына жолдау жоспарланған.

«Бұл елдерге Ресей Федерациясы, Украина, Молдова, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан жатады – яғни ТМД-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, Украина, Грузия және Корея кіреді», - деді Лидия Ермошина.


Соңғы жаңалықтар