Беларусь коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасап шығарды
Мемлекет басшысы Беларусьтің өз вакцинасын шығару ниеті туралы мәлімдеген кезде бұл бастаманы сынағандар болғанын еске салды.
«Кеше біз Беларусь вакцинасын түтікке салдық. Бұл қазіргі сатып алып жүрген вакцинаға қарағанда жақсы, әрі өзгеше. Дәрігерлер айтқандай, бұл - тірі вакцина», - деді Беларусь президенті.
Ол бұл вирус өзгеріске ұшырағанда қалай болатынын көру керектігін, асығыстық жоқ екенін айтты.
Александр Лукашенко қазіргі вакциналарда болашақта вирустың жаңа мутацияларына қарсы көмегі зор екеніне кепілдік жоқтығына назар аударды.
«Қазіргі уақытта елімізде қолданылып жатқан вакциналар бар. Біз ресейлік технологиямен жасалған қытай вакцинасын сатып алдық. Ал ертең түтікте тұрған вакцинамызды өзімізде болатын штамға бейімдейміз. Қалай болатынын уақыт көрсетеді», - дейді ол.