+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Беларусь еліне мұнай сату Қазақстанға санкциялық кедергілер туындатпайды – Нұрлан Ноғаев

2021 жылғы 30 маусым 17:37
Бөлісіңіз:
Беларусь еліне мұнай сату Қазақстанға санкциялық кедергілер туындатпайды – Нұрлан Ноғаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Беларусь Республикасына мұнай экспорттау туралы келісімнің қашан ратификацияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

«Жуықта Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің Қазақстанға жасаған сапары кезінде Беларуське мұнай жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Енді бізге осы келісімді ратификациялау керек. Парламент ратификациялағаннан кейін индикативті жоспар мен жеткізілуі мүмкін тауарлардың тізбесін жасаймыз. Беларусь Республикасына тасымалданатын мұнай өнімдерінің түрлері мен көлемі осы жоспарды дайындау кезінде талқыланады. Бүгін ғана Парламенттің жетінші сессиясы жабылды. Парламент күзде жандандырады. Сол кезде осы құжатты ратификациялауға енгіземіз», - деді Нұрлан Ноғаев елд алдындағы есептік кездесуін қорытындылаған брифингіде.

Сондай-ақ, ол аталмыш келісімнің Қазақстанға санкциялық қаупі жоқ екенін айтты.

«Біріншіден, біз аталған келісімді ратификациялауымыз керек. Мен санкциялық мәселелердің бұл бөлігі Қазақстанға ұласады деп ойламаймын», - деді ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT