Беларусь 73 елдің азаматтарын визасыз кіргізіп, коронавирусқа қарсы егеді

None
None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – 2021 жылдың 15 шілдесінен бастап 73 елдің азаматтары коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыру үшін 5 тәулік мерзімге Беларусь Республикасына визасыз кіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

«Бұл, 1 шілде күні Беларусь президенті Александр Лукашенко қол қойған №251 жарлықта айтылған», - деп мәлім етті президенттің баспасөз қызметінен.

Шетел азаматтарын COVID-19-ға қарсы егу елдің Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медицина мекемелерінде жүргізу жоспарланған.

Министрлер кеңесі шетелдіктердің вакцинацияға өтінімдерін жинау, өңдеу және есепке алу үшін ақпараттық жүйе қызметінің тәртібін және осы азаматтардың Беларусьқа келу ережесін бекітті.

Вакциналауды өткізу жөніндегі бекітілген ереже (ақпараттық жүйеде өтінімдерді жинау және өңдеу, қызмет көрсету және вакцинация туралы сертификат толтыру) барлық шет ел мемлекеттерінің азаматтарына, соның ішінде өзге негіздер бойынша Беларусьқа визасыз келуге құқығы бар азаматтарға таратылады.

Бұған дейін Беларусь 2021 жылдың соңына дейін өз вакцинасын өндіретіні хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар