Бельгияда «Тіл-Қазына» мәдени орталығы ашылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде «Тіл-Қазына» мәдени орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы орталық арқылы дипломаттар мен қазақ диаспорасының балалары қазақ тілін, тарихын және мәдениетін оқып, елшіліктің кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін алды.

«Тіл - халықтың тарихы, тіл - ұлттың мұрасы, тіл - біздің абыройымыз бен мақтанышымыз және байлығымыз. Міне өз отанынан жырақта жүрген бүлдіршіндеріміз және олардың отбасылары үшін мәдени орталығымыздың есігін ашып отырмыз. Сонымен қатар, қазақ мәдениеті және тілімен танысамын деген басқа да қонақтарымызды асыға күтеміз», - деді Бельгиядағы Қазақстан Елшісі Айгүл Құспан.

Әзірге орталық 30 баланы қабылдауға дайын және жақын арада бейнебайланыс арқылы аудиторияны кеңейту жоспарланған.


Бельгияда Қазақстанның 600 азаматы тұрып жатыр, оған қоса Қазақстанның 430 баласын бельгиялық азаматтар асырап алған.

«Болашақта Қазақстаннан асырап алынған балаларды, қазақ диаспорасы балаларын орталық жұмысымен таныстыруды жоспарлап отырмыз. Біздің орталық Отанмен байланысты жалғауға көмектеседі деп үміттенемін», - деді дипломат.

Елшіліктің хабарлауынша, Брюссельдегі мәдени орталық отандастар тұрақты кездесетін, мәдени-ағарту шаралары өтетін орынға айналады.


Соңғы жаңалықтар