Бельгияда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бельгиядағы «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен Антверпен қаласында онлайн қазақ сыныбын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуанышты хабарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты этносаралық қарым-қатынасты дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин жеткізді.

«Әлемдік пандемияға байланысты Сіз үйде отырып та қазақ тілін онлайн форматта үйрене аласыз. Ол үшін Телеграмдағы «OQ-BILIM» каналына жазылып, әр тікелей эфир сайын салынатын сілтеме арқылы қосылсаңыз жеткілікті» деп жазды Ғалым Шойкин Facebook парақшасында.

Бүгінде онлайн «Қазақ тілі» курсының ІІ семестрі өтіп жатыр. Көрсетілген кесте бойынша қазақ тілін онлайн үйренуге болады.

Сондай-ақ, Youtube платформасындағы «Otandastar Channel» каналында қазақ тілінің І семестрде өткізілген сабақтарын тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар