+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Бельгияда адамнан мысыққа коронавирус жұқты

2020 жылғы 27 наурыз 19:58
Бөлісіңіз:
Бельгияда адамнан мысыққа коронавирус жұқты

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Льежск университетінің зерттеушілері адамнан мысыққа COVID-19 коронавирусының жұққанын растады.

Бұл туралы жұма күні Бельгияның коронавирус жөніндегі ғылыми комитетінің басшысы Стивен Ван Гухт мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл вирус жұқтырған иесімен бірге тұрған мысыққа қатысты. Мысық онымен тығыз қатынаста болған. Бұл тек жалғыз оқиға», - деді вирусолог баспасөз мәслихатында.

Бельгияның азық-түлік тізбегінің қауіпсіздігі жөніндегі федералдық агенттіктің ақпараты бойынша, үй жануарлары адамдарға немесе басқа да жануарларға вирус бере алатынына әлі де дәлел жоқ. Дегенмен, мамандар олармен байланыста болған кезде гигиена талаптарын сақтауды ұсынады.

«Егер ауырып тұрсаңыз, жануарлармен байланыспаңыз, оларды ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз. Жануарлардың бетіңізге жақындауына жол бермеңіз», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жануарлардың адамдардан коронавирус жұқтыруы бойынша тек үш жағдай белгілі болған (Гонконгте 2 ит және Бельгияда 1 мысық). Иттерде ауру белгілері байқалмаған, ал бельгиялық мысық тыныс алғанда қиналған және диарея болған.

Айта кетейік, 11 млн халқы бар Бельгияда коронавирустан 289 адам қайтыс болды. 7284 адамнан коронавирус табылды.

Тимур Дүйсекеев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT