Бельгия халықты вакциналау қарқынын арттыруда

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия тұрғындарына Еуропалық Одақта COVID-19-ға қарсы қолжетімді үш вакцинаның 2,3 миллионнан астам дозасы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратың меншікті тілшісі.

Бельгияның вакцинация бойынша Мақсатты тобының ақпаратына сәйкес, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүкін. Себебі «VaccinNet» базасына барлық деректер енгізілмеген. 8 сәуірдегі жағдай бойынша, 2 283 000 доза вакцина егілді. Тағы 100 мың доза препарат Бельгия тұрғындарына жеткізілді, деп хабарлады онлайн-баспасөз конференцияда Мақсатты топтың басшысы Сабина Стордер.

Ауруларды алдын алу және бақылау Еуропалық орталығының (ECDC) дерегіне сай, вакцинация қарқынының өсіп келе жатқанына орай Бельгия 18 және одан жоғары жастағы азаматтарға кем дегенде бір екпе жасалған ЕО-ның «топ-10» (халықтың 16,6%-ы) елінің қатарына кірді.

Бұдан бөлек, келесі аптадан бастап «Johnson & Johnson» америкалық фармацевтикалық компаниясының вакцинасы қолжетімді болады. Оның ерекшелігі: қауіпті инфекцияға иммунитет қалыптастыру үшін бір ғана екпе жеткілікті.

ЕО-да рұқсат етілген төртінші вакцинаның алғашқы партиясы (36 мың) 12 сәуір күні егіле бастайды. Тағы 6 мың доза 26 сәуірден бастап егілмек.

Препарат Pfizer/BioNTech (1,8 млн-нан астам дозасы Бельгияға жеткізілді), AstraZeneca (823 мың доза), Moderna (334 мың доза) вакциналарымен қатар егіледі.


Соңғы жаңалықтар