Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатында топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында бокстан Қазақстан чемпионатында тартысты жекпе-жектің бірі 81 кг салмақта маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулет пен елордалық Нұрбек Оралбайдың арасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Б. Нұрдәулет 2019 жылғы әлем чемпионы болса, 20 жастағы қарсыласы да осал емес.
Н.Оралбай жастар арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған еді.
Бұл бәсекеде бес төреші түгелдей жеңісті Бекзатқа берді.
Б.Нұрдәулет жекпе-жектен кейінгі сұхбатында елімізде жас боксшылардың қаулап өсіп келе жатқанын жеткізді.
57 кг салмақта тартысты жекпе-жекте павлодарлық Серік Теміржанов ақмолалық Оразбек Асылқұловты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.
60 кг салмақта финалда маңғыстаулық Саматәлі Төлтаев пен шығысқазақстандық Бекнұр Ожанов жұдырықтасты. Мұнда С.Төлтаевтың мерейі үстем болды.
Ерлер арасында финалдық жекпе-жектер одан әрі жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Назым Қызайбайдың Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алғысы келетінін, әйелдер арасында барлық чемпиондар анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 18 жастағы боксшы Азия чемпионын ұтып кетті.
- Токио Олимпиадасына іріктеу: Су добынан әйелдер құрамасы екінші рет жеңілді
- Қазақстандық Сергей Морозов UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді
- Қанат Исламның жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді
- Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады
-
Елена Рыбакина Аустралия чемпионатындағы карантин туралы: Бәрі де қатаң
-
Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам