Бекзат Алтынбеков: Ауыл әкімдерін сайлау – демократиялық қоғам құруға жасалған маңызды қадам

None
None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында, оның ішінде Жезқазған өңірінде сайлау науқаны қарқынды жүруде. Жалпы, өңірде ауыл әкімдерін сайлау 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте 14 сайлау уаскесінде өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған қаласы Талап ауылдық округінде әкім сайлауы таңғы 07.00-де басталып кетті. №240 сайлау учаскесінде карантин талаптары қатаң сақталған. Комисия мүшелері арнайы қорғаныш киім киіп, бетперде тағынған. Ауыл тұрғындары ара-қашықтықты сақтай отырып, дауыс беруде.

«Бүгін - еліміз үшін тарихи күн. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен тұңғыш рет ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы өтуде. Бұл саяси науқан - дүйім жұрт үшін аса маңызды қадам», - дейді Жезқазған қаласындағы Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Халықтың сайлауға қатысуға деген белсенділігі жоғары. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Талап ауылдық округінде 102 сайлаушы дауыс берді, бұл учаскедегі сайлаушылар санының 20,31%-ын құрайды.

«Ауыл әкімдерін сайлау – елімізде демократиялық қоғам құруға жасалған маңызды қадам. Ел Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстандағы сайлау туралы« Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Мемлекет басшысы өзі айтқандай, бұл расында қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанының айқын көрінісі. Бүгінгі сайлаудың қортындысы бойынша үлкен өзгерістер және әлеуметтік мәселелер өзінің шешімін табады деп есептеймін. Осы саяси дода Қазақстан халқын біріктіріп, ел үмітін ақтайтынына кәміл сенеміз. Сондықтан, біз осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз», - деп қосты Бекзат Алтынбеков.


Соңғы жаңалықтар