Бекшин тойда жүрген қызметкерінің видеосына қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосы талқыланып жатыр. Осы жағдайға қатысты Жандарбек Бекшин түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн брифинг барысында журналистер Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннен тойда жүрген видеосын жариялаған департаменттің баспасөз хатшысына қандай шара қолданылатындығын сұрады.

«Менің орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Видео екі жыл бұрын түсірілген. Ол бізде 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Хатшы 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан болатын. Қазір ол орында Мұхамедияров отыр. Видеодағы қыз оған мәтін аударуға көмектеседі. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Видео пандемияға дейін түсірілген», - деді Жандарбек Бекшин.

БАҚ өкілдері видеодағы мәтін жазу функциясы тек 2020 жылдың соңында пайда болғанын көрсетіп тұрғанын айтты.

«Мұны онда тәжірибелі тергеуші анықтауы керек. Қазір ол техникалық қызметкер, 10 күн уақытша жұмыс істейді. Біз баспасөз хатшысының орнына жаңа конкурс жариялаймыз. Егжей-тегжейлі тергеу жүргіземіз. Бірақ, әзірше оқиғаның бір апта немесе бір ай бұрын болғанын дәлелдей алмаймыз», - деп жауап берді ол.


Соңғы жаңалықтар