+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды

2020 жылғы 23 қазан 15:16
Бөлісіңіз:
Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Хоккей: «Барыс» «Локомотивтен» есе қайтарды Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды Қазақстанда этникалық қақтығыстардың алдын алуды көздейтін жобалар жүзеге асырылуда

Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі.

«Менің той ұйымдастырушыларына айтарым, Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы отбасыларына да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кеші тексеруші топтың талабы бойынша тоқтатылады. Сөйтіп, той иелерін қонақтардың алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT