«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтері бірігеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерінің рөліне арнайы тоқталғым келеді. Бұл компаниялар индустрияландыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ісіне елеулі үлес қосып, бұрын бір-бірімен байланыссыз болған қаржы институттарының қызметін ретке келтірді. Ал қазір біз мүлдем жаңа жағдайда тұрмыз. Институционалдық құрылымды өзгерту – уақыт талабы. Сондықтан осы екі ұйымды біріктіріп, қаржылық мүмкіндіктері анағұрлым зор даму институтын құрған жөн», - деді Президент.

Бұл ретте портфельді компаниялар саны екі есеге азайып, штат саны 50 пайызға қысқаруы тиіс.


Соңғы жаңалықтар