Байқоңырға халықаралық ғарыш станциясы 64-ші экспедициясының ғарышкерлері келді

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС-64) 64-ші экспедицияның негізгі және қосалқы экипаждары келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Крайний әуежайында экипаждарды «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің, ғарыш саласы кәсіпорындарының, Ғарышкерлерді даярлау орталығының өкілдері қарсы алды.

Негзгі экипаж мүшелері: «Роскосмос» ғарышкері Сергей Рыжиков, Сергей Кудь-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс


Олардың дублерлері: «Роскосмос» астронавтары Олег Новицкий, Петр Дубров және NASA астронавты Марк Ванде Хай.

Екі апта бойы негізгі және қосалқы экипаж жаттығулар, сабақтар өтіп, нұсқаулықтар алып, медициналық тексеруден өтуі керек.

Бүгін, 28 қыркүйекте космонавтар мен астронавтар «Союз МС-17» кемесінде алғашқы жаттығуды өткізеді. Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар жергілікті жерлерде іс-қимыл механизмін пысықтап, борт құжаттамасымен танысып, борттық жүйелердің бірқатар сынақтарын орындауы керек.


«Союз МС-17» кемесі және жаңа ұзақ мерзімді экспедиция экипажы бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы 2020 жылдың 14 қазанында, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11:45-те, Байқоңыр ғарыш айлағының № 31 алаңынан ұшырылады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар