Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарына 250 пәтер салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 3 жылдың ішінде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарына 250 пәтер салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына орай ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің жауабында, 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Байқоңыр қаласында бес 50 пәтерлі тұрғын үй салынатындығы айтылған. Және бүгінгі күні барлық пәтерлер қала тұрғындары - Қазақстан азаматтары арасында бөлінеді.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында Байқоңыр қаласы халқының әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй салуға 2,1 млрд теңге көзделген. Оның ішінде 2021 жылға – 225,2 млн теңге, 2022 жылға – 923,8 млн теңге, 2023 жылға – 951,2 млн теңге. Аталған қаражат аясында 15,3 мың шаршы метр тұрғын үйді (250 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Асқар Мамин. Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарына 250 пәтер салынады.



Соңғы жаңалықтар