Байқоңырда өз қызын зорлаған адам 15 жылға сотталды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында өз қызын зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен жылдың жаз мезгілінде болған. Ер адам өз қызына зорлық көрсеткен.

Қоғамда қызу пікірталас туғызған оқиғаға байланысты тергеуді Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары қатар жүргізген болатын.

Осының нәтижесінде дәлелдер жинақталды. Аталған іс сотқа жіберілді.

«Айыпталушы қылмыс орнында қамауға алынды. Дегенмен сот процесі кезінде қыздың анасы өзінің бастапқы берген айғақтарын өзгертуге тырысты. Ол бұрынғы күйеуін қорғауға ниет танытты. Ерлі-зайыптылар оқиға болғанға дейін ажырасып кеткен. Сот отырысы бір жылдан астам уақытқа созылды. Сот барысында дәлелдер беру, куәгерлерді шақыруға назар аударылды. Барлық дәлелдемені мұқият және обьективті зерттеген Қызылорда облысы мамандандырылған сотының үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді», - деп мәлім етті Байқоңыр қалалық прокуратурасы.


Соңғы жаңалықтар