Байқоңырда карантин 15 ақпанға дейін ұзартылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен қала аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша шектеу шаралары 15 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңырда карантин 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін белгіленген, инфекция жұқтыруға сырттан келген оқиғалар себеп болды.

Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені аймақтық басқармасының таратқан мәліметіне сәйкес, жаңа жыл мерекесіндегі демалыс күндері, яғни 2020 жылдың 26 желтоқсаны мен 2021 жылдың 15 қаңтары аралығында коронавирусты 38 қала тұрғыны жұқтырып алған. Тіркелген оқиғалардың жалпы саны 1 124 адамнан 1 162 адамға дейін өсті. Бүгінде инфекциялық стационарда 7 адам жатыр. Соңғы үш аптаның ішінде адам өлімі тіркелген жоқ, пандемия басталғалы коронавирустан Байқоңырдың 70 тұрғыны қайтыс болды.

Байқоңырда шектеу шаралары сақталып келеді. Жедел штаб қала тұрғындарын ғимараттардың ішінде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтық, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны сақтауын сұрайды.


Авторы Сара Кәбиқызы


Соңғы жаңалықтар