Байқоңырда балалар жоғалып кетті: іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласында жоғалып кеткен екі баланы іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың 20 ақпанында Байқоңыр қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30 шамасында 2 сынып оқушылары 29.09.2013 жылы туған Нұрәлі Оразбаев пен 26.03.2013 жылы туған Ерхан Анас жоғалып кеткен. Олар «Маяк» кешенінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған.

Іздестіру шараларына РФ ІІМБ, «Байқоңыр» кешеніндегі ІІМП қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары және 80 волонтер жұмылдырылды. Көмекке Қызылордадан сүңгуірлер келді.

Бүгін тікұшақ Сырдария өзені арнасын айналып ұшып өтті. Сонымен қатар, Қызылорда қаласынан Байқоңыр қаласына құрамында 7 адам, 1 кинолог, 1 техника бар іздеу тобы шықты.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған балалардың бірінің мәйіті табылды.

Іздеу жұмыстарын бақылау үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласында оқиға орнында жүр. Бұл мәселе өңір басшысының бақылауында.


Соңғы жаңалықтар