Байқоңырда адамзаттың ғарышты игеруінің 60 жылдығы қалай аталып өтіледі

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласы әкімшілігінде Жердің бірінші жасанды серігінің ұшқанына 60 жыл толғанын атап өту және дайындық бойынша жұмыс тобы құрылып, өзінің бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Байқоңырда мерейтойлық салтанатты шараны ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына қала әкімшілігінің, Роскосмостың, ғарыш саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, «Байқоңыр» кешенінде ҚР Президенті арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарманың өкілдері кірді.

Әкімшілік басшысының орынбасары Николай Адасев хабарлағандай, қазіргі таңда ғарыш мерейтойына шақыру үшін Байқоңыр ғарыш айлағындағы ардагерлер тізімін жасау жұмыстары жүргізілуде, қала бұл мерекеге дейін жаңарады, негізгі салтанатты шаралар 2017 жылдың 4 қазан күні «Онжылдық» қалалық стадионында өтеді.
null

Қалалық мәдениет және туризм бөлімінің басшысы Жанна Ким ұсынған жоспарға сәйкес, стадионда қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, ардагерлер ұйымдарының мүшелері, оқушылар мен студенттердің қатысуымен тематикалық шеру өткізу жоспарланған.

Мерекелік іс-шарада Байқоңыр қаласының әнұранын шығару ашық конкурсының жеңімпаздары жарияланып, Ресей мен Қазақстан эстрада әртістерінің қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама өтеді. Орталық алаңда өтетін мерекенің кешкі бөлігінде «Байқоңырдың үздік жұбы» конкурсы өтеді. Жасанды Жер серігінің ұшырылғанына 60 жыл толуына орай, көптеген тематикалық көрмелер, дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар, Байқоңыр ардагерлерімен кездесулер, түрлі байқаулар, мәдени-жаппай және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

null

Соңғы жаңалықтар