Байқоңырда 13 жасар қыз бала суға батып кетті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында бүгін 13 жасар қыз бала Сырдарияға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға жөніндегі хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жергілікті уақытпен 14.10 шамасында түсті. Департамент мамандары дереу іске кірісті. Қызды іздеуге Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар саласы қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында орналасқан төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды.

«Қазір мамандардың күшімен 13 жастағы қыздың денесі іздестірілуде. Ол туыстарымен бірге сол маңдағы демалыс орнына тынығуға келген. Демалыс орнына 20 метр жерде дария орналасқан. Қыз бала өзенге суға түскен. Қазір Арал ауданынан судан құтқару қызметінің сүңгуір мамандары шақырылды. Мамандар енді қыздың денесін су астынан іздейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Қызылордада лифт ішінде қалып қойған бала құтқарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар