Байқоңыр туралы жаңа ән жарыққа шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 маусымда аталып өткен Байқоңырдың 65 жылдығында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі композитор Жеңіс Сейдоллаұлы Байқоңырға арналған жаңа әнін орындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр вальсі» атты жаңа туындысын Жеңіс Сейдоллаұлы өзінің ғана емес, аңызға айналған ғарыш айлағының бағын ашқан туған жеріне арнап отыр. Әншінің өзі Байқоңыр қаласының жанындағы Төретам ауылында дүние есігін ашқан. Теміржолдың бойындағы дәл осы елдімекенге 1955 жылы ғарыш айлағының әскери құрылысын жүргізген алғашқы десанттар түскен еді. Содан бері Төретамды «Байқоңырдың қақпасы» деп атайды.

Жеңіс Сейдоллаұлы теміржолшылар отбасында өмірге келген. Бала кезден әнге құмар болмаса да, Байқоңырдағы әскерилерге қарап, офицер болуды армандапты. Алайда кейін ол өнер жолын таңдады.

«Әлбетте, ең бірінші кезекте құжатталған видеокадрларды Байқоңырдың күніне орай ғарышкерлер және Байқоңырда еңбек еткен достарыма, Қазақстанның ғарыш саласында еңбегін жалғастырып жатқан таныстарым мен төретамдықтарға жолдадым», - дейді Жеңіс Сейдоллуұлы.

Композитордың айтуынша, Байқоңыр – әлемдік ғарыш саласының бесігі іспеттес. Жеңіс Сейдоллаұлы жерлестерін меремекен құттықтап, Байқоңырдың ары қарай гүлдене беруін тіледі.




Соңғы жаңалықтар