Байқоңыр мектептерінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні қашан енгізіледі
Айта кетерлігі, Мәжілістің бір топ депутаты Байқоңыр қаласындағы мектептерге «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін міндетті оқу пәні ретінде енгізу мәселесін көтерген болатын.
Осы мәселеге қатысты Үкімет басшысының жауабында бұл жайтты Ресей тарапымен пысықтау барысында Байқоңыр қаласының әкімшілігі оны «Байқоңыр» кешені жөніндегі Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында қарауды ұсынғанын айтады.
«Бұл ретте, Ресей Федерациясының Ағарту министрлігіне Ресейдің жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқыту мүмкіндігіне қатысты ресми ұстаным беру туралы сұрау салу жіберілді. Осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының Ағарту министрлігінен жауап түскен жоқ», - деді Премьер-Министр.