Байқоңыр қаласынан 10 сотық жерді тегін алу мүмкін емес – АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін рәсімдей алмайтынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясының пайдалануында. Жер кодексінің 6-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес туындайды. Осыған байланысты Байқоңыр қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу мүмкін емес», - деп жазылған комитет басшысының жауабында.

ҚазАқпарат сауалына ведомстводан жолданған жауапта бір азамат бірнеше өңірден жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін рәсімдей алмайтыны айтылған.

«Жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысы үшін Қазақстан азаматтарына жеке меншікке тегін беріледі. берілетін жердің көлемі - 0,10 гектар (10 сотық). Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бір адамға қайтадан тегін беру мүмкін емес», - деп жазады Мұрат Теміржанов.

Аталмыш ведомствоның мәліметі бойынша, бұрын 10 сотық жерді біреуден сатып алғандар да тегін жер кезегіне тұра алады.


Соңғы жаңалықтар