Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-17» кемесі сәтті ұшырылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:45 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-17» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Союз МС-17» ғарыш кемесі дәл белгіленген уақытта ұшырылды және процесс штаттық режимде өтті.

Тікелей репортаж жүргізушісінің айтуынша, зымыран тасығыш сатыларының жоспарлы бөлінуінен кейін ғарыш кемесі Жердің жасанды серігінің орбитасына шығарылған.

Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) құрамында «Союз МС-17» кемесінің командирі, Роскосмос ғарышкері Сергей Рыжиков, №1 бортинженер, Роскосмос ғарышкері Сергей Кудь-Сверчков және №2 бортинженер, NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар 64-ші ұзақмерзімді экспедиция (МК-64) аттанды.

«Союз МС-17» кемесінің ХҒС-пен түйісуі тікелей эфирде көрсетіледі және ұшырылғаннан кейін үш сағат өткен соң Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14 сағат 52 минутта өтеді.



Соңғы жаңалықтар