Байқоңыр ғарыш айлағы биылғы соңғы ұшырылымға дайындалуда

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») ғарыш байланыс құрылғысын ұшыру үшін «Бриз-М» үдеткіші мен «Протон-М» тасығыш зымыраны (ТЗ) 2016 жылдың 22 желтоқсанында жіберіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

2016 жылдың 27 қарашасы күні ғарыш айлағының 92А-50 алаңына үдеткіші бар тасығыш зымыраны жіберілді. Жөндеу-сынау ғимаратында тасығыш зымыранды құрастыру жұмыстары, үдеткішті тексеру мен басқа да жоспарлық технологиялық операциялар жүргізіледі, деп хабарлайды Ресейдің ғарыш компаниясының баспасөз қызметі.

EchoStar 21 серігін «Протон»  тасығыш зымыраны көмегімен ұшыру туралы келісімшартты М.В.Хруничев атындағы орталықтың еншілес компаниясы - International Launch Services Inc. (ILS) ресей-американдық кәсіпорны жасады.

EchoStar 21 - EchoStar Corporation (АҚШ) серіктік байланыс жетекші жаһандық операторының тапсырысымен Space Systems/Loral компаниясы жасаған мықты геостанционарлық серіктік байланысы.

EchoStar 21 Еуропа аумағында ұялы байланыс қызметін көрсетуге арналған. EchoStar 21 «Протон»  тасығыш зымыраны көмегімен ұшырылған EchoStar орбиталық тобының алтыншы серігі болуы тиіс. Роскосмос EchoStar 21  американдық жерсеріктік байланысының жіберілуімен 2016 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру бағдарламасын аяқтайды. 

null null  

Соңғы жаңалықтар