Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле халықтың кезекті сынына ілікті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Интернет желісінде пайдаланушылардың сынына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айсәуле Алматыдағы брендті бутиктердің бірінің киім үлгісін жарнамалау үшін фотосессияға қатысқан. Екі жағы қаусармалы костюмді жалаңаш денесіне киіп түскен фотоны Айсәуле Инстаграм желісіндегі өзінің жеке парақшасына орналастырды.

«І'm crazy but u like it («Мен ессізбін, бірақ бұл саған ұнайды» - ред.)», - деп жазды ол парақшасына.

Желіні пайдаланушылар фотоны сынның астына алды. «Қазақ қызына өте ұят», «мынау масқара ғой», «алма алма ағашынан алысқа түспейдi...», «бұл мұсылман қызына жараспайды» және осы сынды өзге де пікірлер жазылуда.

Бірақ Айсәуле Бақытбекқызының сән әлеміндегі бұл талпынысына оң баға берген пайдаланушылар да табылды. 



i'm crazy but u like it😛 For @umai_almaty Photo by @kangozhayev

Фото опубликовано snapchat: a_bakytbek (@aissaulebakytbek) Ноя 2 2016 в 5:24 PDT

Соңғы жаңалықтар